Мәскеуде Ш. Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған жиын өтті
"Шәкерім - Абай мұрасын жалғастырушы". Осындай атаумен Мәскеуде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған жиын өтті.
Көпшілік ұлт қайраткерінің келешекке қалдырған мұрасын талқылап, алып тұлғалардың мерейтойы олардың еңбегін насихаттауға барынша серпін беруі керек деген пікір білдірді. Осы мақсатта әдебиеттанушылар ойшылдың туған жеріне сапар ұйымдастыруды ұсынды. Шәкәрімнің орыс тіліне аударылған еңбектерінің жинағын басып шығару да жоспары бар.
Тұрдықұл Шаңбай, Абайдың "Жидебай-бөрілі" музей-қорығының директоры:
- Біз осы тәуелсіздік алған жылдары ақталған Шәкәрім жөнінде көп зерттеулер жасап жатырмыз. Бәрін айту мүмкін емес. Елуден астам диссертация қорғалды, мәселен. Сондай ақ «Шәкәрімтану мәселелері» деген сериялық ғылыми жинақ шығарылып жатыр алты том. Осының барлығы Шәкәрім шығармашылығының көп қырлы екенін байқатады. Толстойдың, Пушкиннің не болмаса Науаидың шығармаларын аударған. Сондықатн мәдениет деген бұл халықтар арасындағы байланыстың алтын көпірі. Соның ең ірі тұлғасы Шәкәрім деп танимын.