Алматыда халықаралық жас орындаушылар байқауы басталды
Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы басталды.
Конкурсқа өз елімізбен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты бірнеше мемлекеттен қатысушылар келген. Бұл өнер додасы алғаш рет 1993 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында фестиваль түрінде үйымдастырылған еді. Қалалық деңгейде басталған шара республикалық, кейін ауқымы өсіп халықаралық сайысқа айналды. Алғашында қатысушылар фортепиано бойынша ғана сынға түскен. Қазір аспаптар түгелдей қамтылған. Жыл сайын халық аспаптары мен шекті ұрмалы, үрмелі аспаптарда ойнайтын балалар кезектесіп өнер көрсетеді. Биылғы шараға 200-ден астам орындаушы қатысып жатыр.
Нұржан Қалиасқар, байқауға қатысушы:
- Мен трамбон аспабында ойнаймын. Бұл аспаптың тартымдығы өте күрделі. Өйткені, барлық елде бұл аспапта ойнайтын шығармашылықта жүрген музыканттар өте көп деп айтуға болады. Сондықтан, да осы аспапта мықты тер төгу керек екені анық.
Қасымхан Есенов, А. Жұбанов атындағы музыка мектеп-интернатының оқытушысы:
- Осы конкурстан лауреат болғандар көп жерде үлкен-үлкен оркестрлерде жұмыс істеп жатыр. Негізі бұл кларнет үрмелі аспаптар, оркестрлік аспаптар. Бұл жеке дауыспен шығып орындайтын сирек. Ұжым болып орындайды. Шетелде, мемлекеттік симфония оркестрінде 50-60 пайызға дейін біздің түлектер.