Қызылша жұққандардың көбі вакцина алмағандар
Қызылша ауруын жұқтырғандардың дені екпе алмағандар.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова айтты. Биыл жыл басынан бері 11 мыңнан астам науқас тіркелді. Оның ішінде 80 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Вице-министр, сондай-ақ "күйдіргі" ауруын жұқтырмау үшін күмән тудыратын сауда орындарынан ет алмауға шақырды. Спикер елдегі жіті респираторлық вирустық инфекция ахуалына да тоқталды.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 27 пайызға төмендеді. Соңғы аптада ағымдағы жылдың 23-29 қазаны аралығында ЖРВИ-дің 120 мың жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 26 пайызға төмендеді. Министрлік тұмау мен басқа да тұмауға жатпайтын вирустардың айналымына мониторинг жүргізіп отыр.