Павлодар облысында жол апаты 24%-ке азайды
Былтыр 500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген еді.
Мамандардың айтуынша, жолдағы апаттың алдын алу мақсатында қауіпті учаскелер анықталып, қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар жол бойындағы шамдар ауыстырылды. Бұл жұмыстарға бюджеттен 156 млн теңге бөлінді. Республикалық маңыздағы жол жылдамдықты бақылау құрылғылары іске қосылып, қосымша жол белгілері орнатылды. Мамандардың айтуынша, профилактикалық жұмыстардың күшейтілгеніне қарамастан жол бойында ереже бұзған жүргізушілер азаймай тұр.
Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:
- Жыл басынан бері жол ережелерін бұзудың 160 мыңнан астам дерегі тіркелді. Мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген. Олардың ішінде бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған 60-тан астам азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жол апаттарын азайту мақсатында профилактикалық шаралар жалғасын тауып жатыр.