Абай облысында «Алаш» аудармашылар одағы құрылды
Абай облысында «Құнанбай қажы атындағы «Алаш» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұйымның жұмысы балаларға арналған қазақ тіліндегі контентті көбейтуге үлес қосуға бағытталған. Бірлестік мүшелері Семейдегі балабақша мұғалімдеріне шеберлік сағатын өткізуді бастады. Арнайы әзірленген авторлық курс «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асады. Онда балаларға арналған комикстерді құрастыру, қазақ ертегілерін жаңа технологиялар көмегімен ұсынудың әдіс-тәсілдері үйретіледі.
Ақбота Ерболқызы, балабақша қызметкері:
- Оның ең маңыздысы, басқа мемлекеттегі, орыс тіліндегі ертегілерді қазақ тіліне аудару және аудио жазбалар арқылы оның дауыстарын бөліп алуға және өзіміздің дауысты қою арқылы сол ертегілерді жасауға болатындығы туралы айтып өтті. Бұл бағдарламалардың барлығы бізге қажет. Қазіргі таңда ІТ технологияларды пайдалану, оларды жүзеге асыру балабақшаға өте тиімді тәсілдердің бірі болып келеді.
Әбілсерік Әбілқасымұлы, аудармашы:
- Осы жобаның аясында қазақ тілінде мультфильм аударудың, кітаптар аударудың жолдарын жаңа, инновоциялық ІТ технология арқылы қалай аударуға болады? Қалай аудармашыға айналу керек? Міне, осы мәселенің барлығын педагогтер мен бала тәрбиелеуші балабақша үйретуді мақсат тұтып, осы авторлық курсымызды бүгін бастап отырмыз.