Ақтауда мүгедек жандардың құқығы қорғалды
Маңғыстау облысында 3 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан оңалту-сауықтыру шараларынан шет қалған.
Себебі жауапты мекеме 66 млн теңгені тиісті мақсатта жұмсамай, ұстап отырған. Құқық бұзушылық туралы облыстық прокуратураның алқа жиынында айтылды. Одан бөлек 100-ге жуық мүгедек медициналық тексеруден қайта өтуге мәжбүр болған. Бұған дәрігерлердің тиісті құжаттарды дұрыс толтырмауы себеп. Прокуратура қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты 7 мыңнан аса заңбұзушылықты анықтап, жауапты тұлғаларды әкімшілік жазаға тартты.
Мерген Меңдіғалиев облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
- Кейбір құқық бұзушылықтар жүйелі түрде орын алып отырған. Соның ішінде атап кетсек, инватакси мәселесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттен қажетті көмектерін алаалмаған фактілер бар. Сонымен қатар, облыс аумағындағы инфрақұрылым обьектілері тиісті талаптарға сәйкес еместігі анықталды. Олардың басшылары қадағалау актісімен 7,5 млн теңге әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бүгінде прокурорлық қадағалау актісімен олардың жартысынан көбі талаптарға сәйкестендірілді.