Корея дәрігерлері Қазақстанға келді

Оңтүстік кореялық дәрігерлер Қазақстанға келді.

Олар Алматы мен Астана қалаларында қан тамыры жүйесі, қатерлі ісік пен буын ауруларына диагностика жасады. Пусан қаласының мамандары екі күн бойы науқастарды қабылдап, денсаулық күтімі жайлы кеңес берді. Сапар аясында қос елдің дәрігерлері өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.

О Джи Хван, емхананың өндірістік дамуын қолдау бөлімінің директоры:

- Астана мен Алматыға келіп біз Қазақстанның медициналық инфрақұрылымы жақсы дамығанын түсіндік. Тәжірибе алмасу екі ел үшін өте маңызды. Біздің хирургтар Қазақстанда шеберлік сағаттарын жиі өткізеді. Бізде сонымен қатар Қазақстанның медициналық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандум бар.