«Елімай-2019» тұтыну кооперативінің ұйымдастырушылары сотталды
«Елімай-2019» тұтыну кооперативінің ұйымдастырушылары бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кооперативті құрған ерлі-зайыптылар 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшыны қаржы пирамидасына тартқан. Ал олардан заңсыз жиналған қаражат 1,5 млрд теңгеден асады.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.