50 мыңнан астам қол жинаған петициялар Үкіметте қаралады

Елімізде «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылданды.

Құжат екі жыл бойы әзірленіп, жан-жақты талқылаудан өтті. Заң аясында Қазақстанда петиция институы енгізіледі. Бұдан былай 50 мыңнан астам қол жинаған халықтық петициялар үкімет деңгейінде қаралады. Ал петицияның өзін арнайы интернет портал арқылы ұйымдастыруға болады. Халықтың талап тілегін мемлекеттік органдар ескерусіз қалдырмайды. Петиция бойынша дауыс саны жетпесе, ол үндеу ретінде қарастырылып, билік органдарының бақылауына алынады.

Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Аудандық жерде қарастырылатын болса, петицияны қарастыру үшін халықтың, 2500 адамның қолдауы керек болады. Ал егер үкімет тарапынан қарайтын болса, 50 мыңнан аса адамның қолдауы болуы керек. Және де петицияны қарау барысында мемлекеттік орган бірқатар шараларды жүргізеді. Жұмыс топтарын құрады, талқылау жасайды.