Елімізде 46 мың адам сирек кездесетін сырқатпен ауырады
Елімізде сирек кездесетін дертке шалдыққан 46 мыңнан астам адам бар.
Оның 14 мыңнан астамы бала. Олар еліміздің барлық өңіріндегі мамандардың бақылауында. Ал Қазақстанда орфондық аурудың 66 түрі тіркелген. Мамандар сирек сырқат көбіне тұқым қуалайтынын айтады. Яғни, 10 мың адамның бірінде ғана кездесуі мүмкін. Десе де, мұндай ауруды ерте анықтау үшін терең тәжірибе мен озық технологиялар қажет.
Айта кетерлігі, сирек синдромы бар отандастарымызға дәрі-дәрмек тегін. Өткен жылы орфондық синдромы бар балаларды емдеуге арналған препараттардың тізімі де кеңейтілді. Ерекше сырқат ерте анықталса, одан айығу мүмкін, дейді мамандар. Бүгінде бірқатар ауруды, оның ішінде жаңа туған нәрестенің ретинопатия дертін ерте анықтап емдеуге мүмкіндік бар.
Гүлдара Нұрымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Офтолмологиялық скринингті жасау үшін қазір барлық роддомда осы аппараттардлы алып, бірінші екі аптада анықтаса нәрестеде соқырлық болмайды. Оны анықтау үшін қазір әр облысқа аппараттар алынып, мамандарды оқытып жұмыстар жүргізіліп жатыр.