Елімізде қазақтардың саны 13,5 миллионға жетті

Бұл дерек 2021 жылғы халық санағының қорытынды нәтижесінде белгілі болды. 

Жинақтағы мәліметтерге сәйкес, жалпы Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтаған. Оның 12 миллионы - қала тұрғыны және 7,5 миллионы – ауылда тұрады. Сонымен қатар, халықтың 50 пайызға жуығы екі тілді меңгерген. Ал тағы 28 пайызы үш тілде сөйлейді екен.

Жанар Ахметова, ұлттық санақтар басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күнде ұлттық құрам, діни наным, тілдерді меңгеру жинағы жарық көруде. Топ 5 ұлттар өкілдері бар. Ол орыстар 15,5 пайызды құрайды.Өзбектер 322, украйндар 2 пайызды құрайды.