Шымкентте тұтынушылардың 106 млн теңгесі қайтарылды

Шымкентте тұтынушылардың құқығы жиі бұзылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырмен салыстырғанда бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтану орындарына шағымданушылар 15%-ке артқан. Сонымен бірге электронды порталға жаңа көлікке көңілі толмай, арыз түсірушілер көбейген. Олар автокөліктің сапасы сын көтермейді және кепілдік мерзімі сақталмайды деген уәж айтқан. Осыған қатысты Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерден 106 миллион теңге өндірілгенін мәлімдеді. Мамандар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске қосуды ұсынды. 

Оспан Әбиев, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

- 2141 шағым келген. Содан біз 106 миллион теңге өндіргенбіз. Яғни, атап айтқанда, ішіне кроссовки кіруі мүмкін 10 мың теңгелік немесе көлік кіруі мүмкін 30 миллион теңгелік. Сондайдан құралған 106 миллион теңгені қайтарып тұрмыз. Құқықтары бұзылған тұтынушыларға шығынды қалпына келтірдік.