Павлодар облысында тұмауға қарсы вакциналау басталды
Павлодар облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны қызып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен айда 88 мыңнан астам адамға вакцина салынды. Олардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері мен әлеуметтік санатқа жататын тұрғындар. Вакциналау маусымын өткізу үшін емдеу мекемелеріне 90 мың доза препарат алынды. Дәрігерлердің айтуынша, вирустық инфекцияларды жұқтыру дендеп барады. Осыған байланысты қыркүйек айынан бері 400-ден астам адам ауруханаға жатқызылып, ем қабылдаған.
Батырбек Әлиев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Облыста вирустық инфекциялардың маусымдық тіркелуі жүріп жатыр. Осы күнге дейін 77 мың дерек тіркелді. Жұқтыру деректері 14 жасқа толмаған балалар арасында жиі кездесіп жатыр. Коронавирусқа шалдыққандар да бар. Өткен айда ауру жұқтырудың 15 дерегі зертханалық түрде расталды.