Қазақстандық жас өнерпаздар Jumeirah Sounds байқауында топ жарды

Қазақстандық жас өнерпаздар Дубайда өткен "Джумейра Саундз" ("Jumeirah Sounds") халықаралық байқауына қатысып, топ жарды.

6 елден келген талантты музыканттар сайыста бақ сынады.

Бибігүл Нысанбаева, тілші: 

- Дубайдағы белгілі Стэйн Уэй Холында тұрмыз. Бүгін «Jumeirah Sounds» халықаралық музыкалық байқауының финалдық кезеңі өтіп жатыр.  Атап өткен жөн, бұл конкурс дәстүрлі түрде ұйымдастырылады, биыл жетінші мәрте өтуі. Jumeirah Sounds - әлемнің жас музыканттарының көркемдік қабілеттері мен музыкаға деген құштарлығын, дарынын анықтайтын байқау. 

Раиса Мұсақожаева, казақ ұлттық өнер университетінің профессоры, байқауды ұйымдастырушы:

- Байсейітова мектебінен ансамбль скрипачей гран при алды. Биылғы конкурста біз қуанып отырмыз Индиядан келген қыз бала гран при алды. Керемет ойнады, скрипкашы. Академический вокалдан гран при алды. Сондай бізде мақтаныштар бар.

Бибігүл Нысанбаева, тілші: 

- Отандық музыканттар өткен жылдары Қытай, Израиль, АҚШ және Ресейден келген қатысушылармен бақ сынасқан болатын. Бұл жолы Қазақстанмен бірге Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Үндістаннан келген 60-тан астам өнерпаз қатысты. Жалпы, музыкалық байқау вокалдық және аспаптық орындау, театр өнері, бейнелеу өнері, би сияқты әр түрлі жанрда өтті. Байқаудың қазылар алқасы – әлемнің әр түкпірінен келген әйгілі музыканттар мен вокалистер, мәдениет және өнер қайраткерлері.

Луо Шэньян, қазылар алқасының мүшесі (ҚХР):

- Балалар шетінен талантты. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Сондықтан бұл байқауға қазылық ету оңай болған жоқ. Кәсіби әнші ретінде тек мықты вокал иелеріне таңдау жасадым.

Айымжан Жалғасбай, байқаудың гран-при иегері:

- Гран-при дегенде қатты қуанып жылағым келді. Олар жарайсың деді, ағайым сен жақсы айттың деді. Жеңіп алған бас жүлдемді Қазақстан, қазақ халқына және отбасыма арнаймын.

Бибігүл Нысанбаева, тілші: 

- Әлемдік тұлғалар байқау күндері қосымша шеберлік сыныптар өткізіп, өзара шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Ал бүгін гала-концерт көрермендері виртуоз танымал орындаушылар мен жеңімпаз жас музыканттардың өнерін тамашалады.

Авторлары: Бибігүл Ғаділбекқызы, Ералы Тілеуіш