Қонаев қаласында экологиялық акция өтті
«Балыққа өмір сыйла». Осындай атаумен Қонаев қаласында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мақсаты – өңірде тауарлы балық санын молайтып, өзен-көлдерді балықтандыру. Биыл Алматы және Жетісу облыстарының шаруалары 2 мың 300 тонна су маржанын өсірген. Жыл соңына дейін тауарлы балық көлемі 5 мың тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Акция аясында Қапшағай су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді. Сонымен бірге тауар өндірушілердің көрмесі өтіп, балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүргендер марапатталды.
Ринат Құмашев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- Балықтарды ұстау, және балық шабақтатын сатып алуға 50% субсидиялар қарастырылған. Ағымдағы жылы Алматы облысы әкімдігімен 150млн теңге көлемінде субсидия бөлініп, қазіргі таңда 95% игерілген.