Ж. Қасымбек: Елордалықтар биыл қыста тоңбайды
Елордалықтар биыл қыста тоңбайды.
Тіпті, жылуға деген профицит болады. Бұл жөнінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. Оның сөзінше, жаңа нысандардың салынуына байланысты қалада жылуға деген сұраныс биыл сағатына 3,5 мың гигакалорий болады. Енді қазір 3 жылыту нысанының көмегімен қосымша сағатына 1100 гкал жылу беріліп жатыр. Тағы Жеңіс Қасымбек салымшылардың да мәселесі, қашан толық шешілетіндігіне тоқталды. Әкімнің сөзінше, 2019-2022 жылдары елордада пәтерін ала алмай жүрген жандардың саны 16 мың болған. Биыл 4 мың салымшы қалыпты. Енді олардың 90 пайызға жуығы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайтын болады. Қалғаны, келер жылдың басында өз пәтерлерінің кілтін алады – дейді, қала басшысы.