Қазақстанда статистика саласы қағазбастылықтан арылады
Статистиканы жинау мемлекеттік дерекқорларға көшіп жатыр.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Жаннат Дубирова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Енді қағазбен есеп беру азаяды. Сонымен қатар статистика жоғары сапалы және әрі сенімді болады. Бүгінде статистиканы аудандар кейбір өңірлер деңгейінде егжей-тегжейлі көрсетуде кері байланыс бар. Біз мұны сандық статистикалық регистрге өту арқылы жасаймыз. Деректерді жинау – өте күрделі процесс. Өткен жылы 145 нысан бойынша деректер жиналды. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер барлық есепті қағаз түрінде тапсыруы тиіс болды. Мұның бәрі көп еңбек пен уақытты қажет етті», - деді Жаннат Дубирова Астанада өтіп жатқан DEMO DAY іс-шарасы барысында.
Оның айтуынша, қазір статистика жинау мемлекеттік дерекқорларға көшіп жатыр.
«Мысалы, ветеринарлар жануарлар туралы мәліметтерді жүйелі түрде толтырады. Бұрын біз бұл ақпаратты аудан әкімдерінен қолмен жинайтынбыз. Деректердің дубляжы болды. Енді біз одан алыстап, әкімшілік дереккөздерге көшеміз. Бірақ бұл үшін біз мемлекеттік деректер базасындағы деректің сапасы өте жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізуіміз керек. Сондықтан біз дата-бақылаушылар институтын іске қостық, қазір мемлекеттік органдармен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді ол.