Елде суды үнемдеу мен су қорын сақтау мәселесі өткір тұр
Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.
Жаңбыр аз жауатын, шөлейтті аймаққа жататын Атырау өңірі үшін бұл басты проблема. «Қазақстан Халық партиясының» облыстық филиалы ұйымдастырған суды үнемдеу мен сақтау тақырыбындағы дөңгелек үстелде саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазір Жылыой ауданынан шығысқа қарай 60 шақырым жерде жерасты суы үздіксіз атқылап жатыр. Соны тиімді пайдаланып, халықтың қажетіне жарату керек, дейді табиғат жанашырлары. Бұған қоса өзендердің бойына заңсыз бөгет салғандарға жазаны күшейту керектігі де айтылды.
Едіге Сабыров, гидрогеолог:
- Дифференциалды су тарифтерін енгізсе, адамның санитарлық талаптарға сай қажетті суын берейік, жан басына шаққанда қанша алса да, ал енді содан артық жұмсағаны бірнеше есе ақша төлейтін болса онда суды тегіннен тегін ысырап қылмаған болар еді деген менде бір ұсыныс бар. Суды керегінше халықпайдалансын белгілі бір бағамен. Артық ысырабына бірнеше есе артық төлесе адамдарда ынта пайда болады.