Тараздың тәртіп сақшылары ереже түсіндірудің ерекше әдісін қолдануда
Тараздың тәртіп сақшылары мультфильм кейіпкерлерінің кейпіне еніп, жол ережесін түсіндіріп жүр.
Аю, өрмекші адам, жолбарысқа айналған полицейлер мектеп оқушыларына; жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам мен қауіпті қиылыстардан қалай өту керекегін бірге жүріп үйретеді. «Жаңа идея жасөсіпрімдердің, қауіпсіздік қағидалары мен жол белгілерін тез жаттап алуына әсері мол», - дейді мамандар. Сондықтан мұндай іш-шараны алдағы уақытта жалғастыру жоспарда бар. Шара соңында мульткейіпкерлер балаларға тәтті таратты. Биыл 10 айда Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасынан 23 жасөспірім көз жұмып 350-і жарақат алды.
Жәния Амантаева, қала тұрғыны:
- Біз үйде, әрине, жол жүру ережесін үйретеміз. Бірақ осындай көрнекі түрде өткізген, тәжірибе түрінде өткізген іс-шара есінде қалады. Әрине, ұнайды.
Ержан Мананбаев, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Бұл идея - мультфильм кейіпкерлерін тарта отырып, бастауыш сынып оқушыларын қамту және балалардың жол-көлік жарақаты проблемасына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жүзеге асырылды. Статистикаға сәйкес, 10 жасқа дейінгі балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаты болып табылады.