Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің пайдасы қандай?

Сонымен көрші елге барып, 30 күн емін-еркін жүре аласыз.

Тарихи орындарды көріп, ол елден не үйренуге болатынын да бағамдауға уақыт болады. Саудаңызды қыздырып, бизнес әріптесік орнатуыңызға мүмкіндік мол. Жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің пайдасы қандай?  Бұған ел не дейді? Тыңдайық.

Тұрғындар:

- Менің өзімнің естуім бойынша, виза алу қиын болатын. Қазір, мысалы, визасыз режим ол көптеген мәселелерді шешеді. Көптеген жастарға мынау шағын және орта кәсіп деп жатырмыз ғой, соның көбеюіне дамуына өте көп үлесін қосады деп ойлаймын.

- Халқымыз жалпы шет елге шығып емделгенді алға қояды. Сол себепті мен ойлаймын, бұл емделуші тарапынан соларға көрсетіліп жатқан жеңілдік шығар, деп есептеймін өзім.

- Кәсіпкер ретінде мүмкіндік өте қолжетімді болады. Кез келген уақытта мәселелерді шешіп, қосалқы бөлшектер туралы сол кезде осы визасыз режим өте қажет шаруа.

- Қытай мемлекеті мен біздің мемлекет арасындағы экономикамызды дамытсақ, яғни Қытайдағы сауда-саттықты бізге әкеліп сатсақ, ол бізде экономиканы дамытып көтереді.