БҚО-да ауланған киік еті өтпей қалды
Ақтөбеге Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген киік еті кейін қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақбөкендерді атуға рұқсат алған кәсіпкер 800 бас әкелген. Бірақ жергілікті ет өңдеу комбинаттары оны қабылдауға дайын емес. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлардың еті бұзылмағанын айтады.
Қуаныш Демегенов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Ветеринариялық талаптарға сәйкес жаңағы құжаттары болмау себебінен қабылдаудан бас тартқан. Содан ол басқа ет комбинаттарына барып, бағасына келісе алмаған. Сол себепті БҚО қайта кері қарай алып кетті.