Жаңа әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі түсіндірілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларды әлеуметтік қолдаудың жағдайын түсіндірді.

Хромтау кеншілерімен кездескен Светлана Жақыпова Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасы жүзеге асса 55 жасқа жеткендерге қосымша ақы төленетінін айтты. Зиянды жағдайда жұмыс істейтін кеншінің өндірісте 7 жыл еңбек өтілі болуға тиіс. Сол жағдайда ғана тиісті төлемдерін алып, жеңіл жұмысқа ауыса алады. Оның мөлшері әр жұмысшының еңбекақысына, жиналған зейнетақысының көлеміне қарай белгіленеді.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Сақтандыру компаниялары бүгінгі күні сақтандыру премияларын алып, тек қана өздері жұмсайтын. Осы заң жобасымен негізі 12%-і жұмыс берушіге қайтарылады. 6%-і превентивтік іс-шараларға, ал 6%-і негізі оңалту іс-шараларына көзделген.