Ел халқының саны 20 млн-ға таяды
Мұны Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Деректерге сәйкес 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша халық саны 19 миллион 967 мың 964 адамға жетті. Оның 12 миллион 388 мыңға жуығы, яғни 62%-і қала, ал 7 миллион 580 мыңнан астамы – ауыл тұрғыны. Бұл – 38%.
Сонымен қатар елдегі әйелдер саны ерлерден басым. Атап айтсақ, 10 миллион 217 мыңнан аса әйел және 9 миллион 750 мыңдай ер адам бар.