Павлодарда ағаштар бүршік жарды
Павлодарда мамыргүл мен терек бүршік жарды.
Биологтардың айтуынша, бұған қараша айындағы жылы күн райы себеп. Мұндай құбылыс табиғатта кездеседі. Алайда күн күрт суытып, аяз түскен бойда ағаштар үсіп кетеді. Климат өзгерісінің ауылшаруашылық дақылдарына да зияны бар. Көп жылдық өсімдіктер мерзімінен бұрын көктегендіктен көктемде қайта егуге тура келеді. Синоптиктердің мәліметінше, жылы ауа райы әлі бірнеше күн бойы сақталады.
Татьяна Пономарева, биолог:
- Менің ойымша, айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Тек күзде егілген көп жылдық шөптер немесе қалпына келтірілген жайылымдық жерлерде тұқымның бір бөлігі шығынға ұшырайды. Сондықтан көктемде қайта егу қажет болады. Ал ағаштардың өскіндері сақталады.
Надежда Аринова, синоптик:
- Қарашаның 18-іне дейін түнгі уақытта ауа температурасы ноль градус шамасында болады. Ал күндіз 3-8, 5-10 градусқа дейін жылынады. Осы айдың 19-ынан кейін солтүстік аймақтарда -3, -8, түнде 13 градусқа дейін күн суытады деп болжап отырмыз.