Қостанай маңындағы саяжай үйлеріне газ дабылдатқышы орнатылып жатыр

Қостанай маңындағы саяжай үйлеріне газ дабылдатқышы орнатылып жатыр

Қостанай маңындағы саяжай үйлеріне улы газ дабылдатқышы орнатылып жатыр.

Бұл от жағу маусымы кезінде өрттің алдын алып, оқыс жағдайларға жол бермеудің бір амалы. Ауаға улы зат тараса, құрылғы бірден дабыл қағады. Қазіргі таңда саяжай ұжымдарында адамдар қысы-жазы тұрады. Олардың көбі от жағады. Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтай бермейді. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, пеш мұржалары толық тазартылмайды. Дабыл құрылғысымен бірінші кезекте көп балалы отбасылар қамтамасыз етіледі. Жалпы жыл аяғына дейін жергілікті бюджет есебінен қала бойынша 300 құрылғы орнату жоспарланған.

Асланбек Махмұтов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Күн ара біз 10 үй, бес үй осындай жұмыстар өткізіледі. Біз бұл жұмысты 2019 жылдан бері атқарып жатырмыз. Сол уақытта біз 800-дей датчик орнаттық. Рейдтік іс-шаралар өткізгенде қараймыз, мысалға кеше біз өзі жаңғыз тұратын зейнеткер соның пеш мұржасын тазартып, улы газды анықтайтын датчикті орнатып, соны жұмысты әрі қаратай атқарудамыз.