Құрылыс альпинисттерінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Құрылыс альпинисттерінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Құрылыстан құлап қаза болған өнеркәсіптік альпинисттердің өліміне қатысы бар деген күдікпен жұмыс беруші жеке кәсіпкер ұсталды.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу», яғни ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігін басшылыққа алды. Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды – делінген ақпаратта.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, үшеуі қайтыс болған еді.