Абай жайында Башқұрт ғалымдары жазған мақала қазақ тіліне аударылды
Түркияда ұлы ақын Абай жайында Башқұрт ғалымдары жазған мақала қазақ тіліне аударылды.
Онда ойшылдың шығармашылығы мен тұлғалық қасиетіне қатысты тың дерек айтылған. Түркиядағы Қажы Байрам университетінің ғалымы Гүлжанат Құрманғалиева өзге тілде жазылған мәтінді қазақшаға аударып, ақжолтай жаңалығымен бөлісті.
1942 жылы Башқұрттың қос ғалымы Зәки Уәлиди Тоған мен Абдулкадир Инанның «Ибрахим Абай Құнанбайұлы » атты мақаласы Ыстамбұлда жарық көреді. Кітап авторлары 1925 жылы Түркияға қоныс аударған. Олар Абай жайлы деректерді өз тілінде жазған. Онда «Абай - тек қазақ әдебиетінің негізін қалаушы емес, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен мирас қалдырған тұлға» делінген.
Гүлжанат Құрманғалиева, профессор:
- 42 жылы Түркияда үлкен бір еңбек жарияланады. Бұл еңбек әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған емес. Бұл кітаптың аты «бүгінгі Түркі ел- Түркістан және оның жақын тарихы» деп аталады. Бұл кітапты жазған Башқұрт ғалымы және саясаткері, біздің Алаш зиялыларының құрдасы және жақын танысып жүрген Зеки Уәлиди Тоған.
Ғалым Гүлжанат Құрманғалиева кітап қолына тиген бетте аудармаға білек сыбана кіріседі. Соңғы 5 жылда Абайды терең зерттеуге ден қойған тарихшы үшін бұл таптырмас мұра.
Гүлжанат Құрманғалиева, профессор:
- Абайды зерттеп жүргеніміз 2017-2018 жылдардан бастап Түркияда таныстыруға біраз үлес қосқанбыз. 2020 жылы үлкен жинақ көрген. Абайды түркі халықтарына таныстырдық. Кейінгі уақытта Абай әлі де зерттеле бермек. Жалпы шетелде Абайтану қаншалықты дамыған. Абайтану мәселелері қалай, қаншалықты деңгейде дамыған сұрақтары мазалап, сонымен Түркиядағы Абайтану бойынша және батыс елдеріндегі неміс, француз, ағылшын тілдеріндегі деректерді қарап шықтым.
Ғалымның айтуынша Абай жайлы еңбектер шетелдермен салыстырғанда Түркияда ең көп зерттелген. Бұған тарихи кітаптар, мақалалар мен диссертациялық жұмыстартар көп көмегін тигізеді екен.