Шымкентте жемқорлықпен күрес жобасы басталды
Шымкенттік полицейлер жүргізушілерге парақорлықтың ауыр қылмыс екенін ескертіп жатыр.
Мегаполисте осындай әдіс арқылы жемқорлықпен күрес жобасы басталды. Себебі көп жағдайда қызмет бабындағы полицейлерге жазадан құтылу үшін бірінші болып көлік иелері ақша ұсынады. Мұны өзіндік қауіпсіздік басқармасы жасаған тергеу нәтижесі көрсетті. Жақында жүргізу куәлігінен айырыла тұра көлікті мас күйде тізгіндеген тұрғын бір миллион теңге беруге оқталған. Енді ол қомақты айыппұл төлеп, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы биыл тәртіп сақшыларына қатысты 20 қылмыстық іс тіркеліп, 10 адам қамауға алынды.
Ерлан Ермекбаев, патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары:
- 350-400 қызметкер күнделікті қызметке шығады. Әрбір қызметкеріміз 10 шақты автокөлік жүргізушісін тоқтатқанда 1500 жуық жүргізушіге ескерте аламыз. Яғни, осындай қылмыстық құқықбұзушылыққа, заңбұзушылыққа бармауын.