2 мың азамат әскери қызметке тартылады
2 мың азамат резервтегі әскери қызметке тартылады.
Мұндай бастама 2025 жылдан бастап жүзеге асырылады. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға кәмелетке толған азаматтар тартылады. Резервшілердің денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылады және жас шектеулері белгіленеді. Яғни, 60 жасқа дейінгі офицерлер, 18-ден 50 жасқа дейінгі сержанттар мен сарбаздар қатыса алады. Қызметке қабылдау ерікті түрде жүргізіледі. Іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтармен Қорғаныс министрлігі 3 жылға келісімшарт жасасады. Соның негізінде олар ай сайын бөлімдерде қысқа мерзімді оқудан және ведомствоның бұйрығы бойынша бір айлық жиындардан өтеді.
Айта кетейік, резервшілер тек өзі тұратын облыс аумағында қызмет етеді.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Келісімшарт ерікті түрде 3 жылға жасалады. Даярлық 1 жылда 2 айдан аспайды. Жиын 30 күн, сабақ ай сайын 2-3 күн болады. Оған қаражат республикалық бюджет есебінен. Осы санаттағы адамдарға, бірінші, ай сайын ең төменгі жалақы, екінші, жиын кезінде орташа жалақы төлеу жоспарлануда. Әскери резервтегі адам қызмет еткен кезде жұмыс орны сақталады.