Ақтөбе облысында ₸970 млн жымқырған 3 күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында жалған құжаттарды пайдаланып, мал шаруашылығына бөлінген 970 миллион теңгені жымқырған 3 азамат анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға берілетін несие қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Қазір күдіктілер ұсталып, оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы ₸970 млн аса ірі мөлшерде залал келтірген. Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды. Оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.