Зорлық-зомбылықпен күресті заңды қатайту арқылы күшейту керек

Зорлық-зомбылықпен күресті заңды қатайту арқылы күшейту керек

Заңды қатаңдату арқылы ғана зорлық-зомбылықпен күресті күшейте алмаймыз.

Мәжіліс депутаты осылай деді. Марат Бәшімовтің айтуынша, зорлық-зомбылық және кісі өлтіру секілді әрекеттерді болдырмау үшін алдымен қоғамның өзі заң бұзушылыққа жол бермеуі қажет. Ел азаматтары заңның бәріне ортақ екенін естен шығармағаны абзал,- деді ол.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң орындаушылықты түсінбейді кісілер бізде. Күнде ақпарат алып жатырмыз «ана жақта зорлық болды, мына жақта зомбылық болды» деген. Заңдар кейде орындалмайды – сол проблема болып тұр ғой. Көп заңдар бар – орындалмайды. Мемлекеттік органдар, кейде азаматтардың өздері орындамайды. Заңды орындамасаң сенде қандай болашақ болады?! Бірінші орында тұрған сол сұрақ.