Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. LIVE
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, еліміздің 20 млн-ыншы тұрғыны 14 қараша күні таңғы сағат, 10:00-де дүниеге келген.
Бірақ осы уақытта Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 перзент жарық дүние есігін ашқан. 20 млн-ыншы тұрғын, сол бесеудің біреуі. Оның есімі енді анықталады.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
Еліміздің 20 млныншы азаматы атанған сәбидің есімі Айсұлтан. Салмағы үш келі, бойы 50 см. Отбасындағы төртінші бала. Анасы Диана Әзімбаева. Ол қарашаның он төрті күні перзентханаға түсіп, дәрігерлер таңғы сегізде босандырып алды.
Әкесінің аты Мұхтар Әзімбаев. 21751 әскери бөлімінің қызметкері. Қазір нәресте мен анасы мамандардың жіті бақылауына алынған.
Айсұлтан мен анасы бір екі күнде перзентаханадан өз үйіне шығарылады. Жалпы елімізде «Алтын және күміс алқа» иегерлерімен «Батыр ана», «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға ай сайынғы төлемақымен қатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Яғни үй мен жер, көлік салығынан босатылған. Сонымен қатар 53 жаста зейнетке шығу мүмкіндігі беріліп отыр.