Елордада бомба қойылғандығы туралы жалған хабар тарады

Елордадағы қонақ үйлердің біріне бомба қойылғандығы туралы жалған хабар тарады.

Кеше кешкісін бәзбіреулер қауіп жайында қоңырау шалған соң,, қонақ үй қызметкерлері мен меймандар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Олардың арасында Сан-Маринолық футболшылар да болған. Олар Еуро-2024 біліктілік кезеңі аясында Қазақстан құрамасымен матч өткізу үшін Астанаға келген еді. Ойын бүгін Астана-арена стадионында өтеді. Құқық қорғау өкілдерінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен саперлер жарылғыш зат таппаған.