Астанада биыл жол апатынан 30 адам көз жұмған
Жыл басынан бері елордада 600-ден аса жол көлік оқиғасы тіркелді.
Салдарынан 30 адам көз жұмып, 700-ге жуығы жарақат алды. Бұл деректер Астана Полиция департаменті ұйымдастырған арнайы акцияда айтылды. Яғни, қарашаның үшінші аптасында бүкіл әлем жол көлік оқиғасынан қаза тапқандарды еске алады. Осындай датаны бекіткен. Соның аясында жергілікті тәртіп сақшылары арнайы өзіндік автошеру ұйымадстырды. «Басты мақсат – жолдағы апат санын азайтып, қауіпсіздікті күшейтуге үлес қосу»,- дейді мамандар. Акцияға астаналық еріктілер де қосылды.
Ержан Әділбеков, қалалақ Полиция департаменті басшысының орынбасары:
- Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлк керек. Оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені, оның артында адамдардың тағдыры тұр. Осы мақсатта түсіндірме жұмыстарын жүрігізіп жатырмыз. Айта кетейік, жол көлік оқиғасының басым бөлігі жаяу жүргіншілердің абайсыздығынан болады. Бұған қоса, жол ережелерін ескермей, жылдамдықты шамадан тыс асыратындар да көп.