2 миллионға жуық оқушы бір мезгілде асық ойнады

Бүгін ел бойынша ерекше челлендж өтті.

«Алтын сақа» ұлттық ойыны елдегі білім беретін 7 мың ұйымда, бір уақытта ұйымдастырылды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы нөмірі 85-ші мектеп-лицейіне барып, оқушыларға қолдау білдірді. Жеткіншектермен бірге асық атты. Бұл бастама барлық оқушы мен мұғалімді біріктіруге, ұлттық рухты күшейтуге бағытталған. "Біз жас ұрпақты нағыз патриот ретінде тәрбиелеуіміз керек", - деді министр. Жалпы ведомство арнайы бағдарлама әзірлеген. « 4 тоқсан – төрт өнер» деп аталатын ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында осындай шаралар өтіп тұрады.