Каспийдің жағасына салынған үй бұзылды

Заңсыз құрылыс жоспардан тыс жүргізілген тексеруі кезінде анықталған.

Құрылыс компаниясына бірнеше рет ескерту жасалған, бірақ кәсіпкер керек қылмаған. Бұл Ақтауда қазан айынан бері бұзылған үшінші заңсыз құрылыс. Мұның алдында құзырлы мекеме соттың шешімен қала аумағына рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешені мен қонақ үйді күреп тастаған еді.

Дәурен Өтепқали, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Заңсыз құрылыстарды бұзу жұмыстары жалғасын табуда. Сәйкесінше, құқықбұзушылық туралы әкімшілік шаралар қабылданды. Заңсыз құрылысты бұзу туралы сот органдарына талап арыз жолдадық. Соттың бірінші сатыдағы шешімімен қанағаттандырылды. Содан кейін аппеляциялық тұрғыда соттың шешімі заңды күшіне енді. Сөйтіп, қазіргі таңда атқару парағын жасақтап жатырмыз.