Жаңақорғанда бұдан 128 жыл бұрын жасалған бесік табылды
Бесікті Бірлік ауылында тұрған Темірбек ұста 1895 жылы жиде ағашынан ойып жасаған екен.
Музейдің бұрынғы қызметкері Рахима Әбсаттарова ауыл аралап, жәдігер жинап жүргенде кез болған. Бесіктің өзінен бөлек түбек, төсек, жастық, қолбау, тізебауларына дейін сақталған. Ұлттық құндылығымыз қолдан қолға өткенмен бүгінге дейін сыны кетпей жетіп отыр,-дейді аудандық музей қызметкерлері.
Мөлдір Дүйсенбаева, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:
- Біздегі бесіктің ерекшелігі бұл бір түйір шегесіз құралған. Бесік өте жеңіл, бір тербегенде-ақ өзі тербетіліп тұра береді. Екі жағын ойып жасаған. Тербетіліп тұруға арнайы жасаған бесік.