Ақмола облысында интернет алаяқтық деректері жиіледі
Ақмола облысында жыл басынан интернет алаяқтық бойынша 800-ден астам қылмыс тіркелген.
Бұл былтырғымен салыстырғанда 26 пайызға артық. Облыс орталығында өткен арнайы жиын барысында құзырлы орган және қоғамдық ұйым өкілдері мәселенің шешу жолдарын талқылады. Тұрғындардың басым бөлігі онлайн сауда жасап, сан соғып қалған. Сондықтан құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды. Сондай-ақ, тиісті заңды күшейтуге қатысты ұсыныстар айтылды.
Арман Тастанбеков, "Қазақстан Халық партиясы" облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- Қазіргі уақытта интернет алаяқтықты ашып, оны тергеуде бірқатар қиындықтар бар. Бұған қылмыскерлердің елімізден тыс жерде болуы себеп болып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Біз осы мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастырдық.