«Әл-Жәбрдің атасы» журналы жарыққа шықты
«Әл-Жәбрдің атасы». Елде осындай атаумен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді.
Жаңа басылымды Астанадағы ұлттық кітапхана таныстырды.тті. Басылымда орта және жоғары буын оқушыларының "Тай жарысы", "Құнан жарысы" және мектеп ұстаздарының "Дөнен жарысы" атты олимпиадалық тапсырмалар тарауы қарастырылған. Ғылыми журнал жеткіншектерге арналған. Негізгі бағыты математика. Бірақ өзге салаларды да қарастырады. Журналдың алғашқы саны 2,5 мың данамен тарап отыр. Алдағы уақытта тек қазақ тілінде ғана емес, өзбек, қырғыз тілдерінде де жарыққа шығуы мүмкін. Себебі, Орталық Азия елдерінде балаларға арналған ғылыми-танымдық журнал тапшы. Басылымның бас редакторы, академик-ғалым Асқар Жұмаділдаев "Әл-жәбір" дегеніміз алгебра болса, оның негізін қалаушы, осыдан 1200 жыл бұрын Арал теңізі маңында өмір сүрген ғұлама Әл-Хорезми, дейді.
Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, академик:
- Сонда Орта Азиядан шыққан біздің ұлы атамыз әлемдік өркениеттің басында тұрған кісі ғой. Көрдіңіз бе, алгоритм деген ұғымның өзі, бүгінгі сенің компьютерің, информотехнологияң, бүгінгі сенің биг датаң, бәрі де сол алгоритмге негізделген, Әл-Хорезмидің атына. Аз ба? Аз емес, Әл-жәбри деген алгебра деген сөз. Бірақ бұл бүгін өте дамыған терең ғылым. Сондықтан Әл-жәбридің атасы деген сөз, біз үшін үлкен абырой.