Жамбыл облысында 2 мыңнан аса ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады
Биыл Жамбыл облысында 2 мыңнан аса ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады. Ақпан айына дейін тағы ұсыныс берген осынша тұрғынға қаржы беріледі.
Қаражат «Ауыл аманаты» жобасы аясында республикалық бюджеттен бөлінді. Ел бойынша бұл мақсатқа 100 миллиард теңге қаралса, соның төрттен бір бөлігі Жамбыл облысына тиесілі.
Байзақ ауданындағы Кеңес ауылының халқы, биыл «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын көреді. Елді мекендегі 206 тұрғын 2,5 проценттік жеңілдетілген несие алуға өтініш берген. Бүгінде олардың басым бөлігі көмек қаржыны алып кәсібін бастап кетті. Солардың бірі - Доскен Күсемісов. Ол бұған дейін мал шаруашылығымен айналысып,шағын азық түлік дүкенін жүргізген. Енді ауылдан көлік жуу орны мен шаштараз, монша және құрылыс заттар дүкенін ашпақ. Тұрғын кешеннің құрылысын өз ақшасына салып, құрылғысын алуға 6,5 миллион теңгеге сұраныс берген. Енді бизнесін бір апта ішінде іске қосып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.
Доскен Күсемісов, Кеңес ауылының тұрғыны:
- Болмайтын заттар болады, прастиковый трубалар. Бағасы 100 теңге. Оны қалаға барып алу үшін 1000 теңгеге бензин құясыз. Осы жерден ауылдан ыңғайлы болсын деп осы жерден ашып жатырмыз құрылыс дүкенін. Бағдарлама тиімді болып тұр. Пайызы төмен. Каникулы бар екен жыл.
Ауыл аманаты жобасы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде 2019 жылы басталды. Бүгінге дейін 57 ауылдық округке көмек қаржы беріліп, 6 мың ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады. Тиімділігін дәлелдеген жоба, алдағы жылдары өзге ауылдарда да жалғасады.
Еркін Жылысбек, "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшысының м.а:
- 11 миллиардқа биыл бізде 2 мыңнан астам кәсіпкерлік орындары ашылды. Қалған 12 миллиадқа келген ақшадан да тура сол 2 мыңнан аса кәсіпкерлік орындар ашылады деп күтудеміз. Негізі келесі жылға да 20 милииард сұрадық. Басқа аудандық округтерге де береміз деп.
Ауыл тұрғындарының әрбірінде жер телімі бар. Бірақ сол алқаптарды игеру үшін ауылшаруашылық техникасын алуға шамасы жете бермейді. Мәселені шешу үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы шағын шаруашылықтарды біріктіріп кооператив құруда. Нәтижесінде орларға жаңа техника алу үшін жеңілдетінген қаржы береді.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан