Өскеменде биыл 34 бала жол апатынан зардап шеккен
Жақында 3 оқушыны көлік қағып кетті.
Сақшылар сабақтан кеш шығатын жеткіншектерге жарық шағылыстырғыш лента таратып, жол ережесін үйретті.
Жаттығудан қайтып келе жатқан Жарасты көлік қағып кеткен. Айтуынша, оқиға кешкі 6 шамасында болған. Бағдаршамның жасыл түсіне өте бергенде жеңіл көңіл бір топ баланы жан-жаққа ұшырған.
Жарас Қайратов, оқушы:
- Денемді сезбедім, мен сол жағымды мүлдем сезген жоқпын да, сосын әлсірегеннен барып домалап, тротуараға барып жаттым. Сол жақ мықын сүйегім сынып кеткен, басымда гемотома, шұғыл ауруханаға түстім.
Көлік рулінде болған әйелген қатысты тергеу басталды. Абырой болғанда, балалар аман қалды. Қазір ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, көлік апатына ұшыраған балада ашық жарақат байқалмаса да, міндетті түрде толық медициналдық тексеруден өткізу маңызды.
Есдәулет Наққажин, дәрігер травматолог:
- Осы 5 айдың ішінде 14 бала болған. Олар – үлкен жол апатынан кейін болған балалар. Қолдарын, аяқтарын сындырған балалар көп болды. Кейбір аурулар, мысалы, бас ми шайқалуы бір күнде білінбеуі мүмкін.Ол 2-3 күнде байқалуы мүмкін.
Полицейлер апталық аясында балалар ауруханасына келіп, жолдан өту ережелері туралы айтты. Қызықты болуы үшін құрғақ сөзбен емес, көңілді персонаждар, сыйлықтар арқылы насихаттады.
Жасөспірімдерге жол ережесін үйрету, балаларға арналған креслодан басталады, - дейді мамандар.Сондықтан сақшылар болашақ аналарға осы құралдың маңызын түсіндірді. Оны көлікке орнатуды, нәрестені дұрыс жатқызуды көрсетті.
Ғабит Әбенов, патрульдік полицияның батальон командирі:
- 80-90% бала денсаулығын сақтап қалатын дүниелердің бірі деп айтуға болады. Көлікті басқара отырып, жол апатына түскен кезде артында баламен отырған анасы әрқашан соғылысқанда баланы ұстап қала алмайды қолымен. Кейбірі естен танып қалады, кейде соғылыс қатты болады.
Мектептен кеш қайтқан оқушылар да назардан тыс қалмады. Полиция жас көмекшілерімен бірлесіп, оларға жарықпен шағылысатын лента таратты. Бұл қауіптің алдын алуға септігін тигізеді, - дейді мамандар.