Республикалық маңыздағы жолдар ашылды
Кеше күн райының бұзылуына байланысты Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдардың 27 учаскесі жабылған еді.
Түні бойы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысында 3 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылса, Қостанай өңірінде 30 жүк көлігі мен 4 автомобиль жолаушыларына көмек көрсетілді.