Бірнеше өңірде жел күшейіп тұр
Қарағанды,Ұлытау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде ертең де жел күшейеді.
Екпіні кей аумақтарда секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Ақмола маңында тұман түседі. Тіпті Оңтүстіктегі таулы аймақтарда да қара суық. Алматы облысындағы тау беткейлерінде ара-тұра қар жауады. Батыста көктайғақ, тұман, өкпек жел. Маңғыстауда шаңды дауыл тұрады.