Б. Әбдіғалиұлы: Ұлытау облысы жылусыз қалмайды
Ұлытау облысындағы жылу электр орталығының 58%-ке тозығы жеткен.
Дегенмен қыстыгүні мәселе туындамауы тиіс. Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы осылай деп сендірді. Әкімнің айтуынша, биыл барлық жылу магистралі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа инвестор бастапқыда 2,5 миллиард теңге бөлген. Бірақ қаражат жетпеген соң қолдау көлемін тағы 11 миллиард теңгеге ұлғайтқан. Нәтижесінде бірқатар қазандық жөнделді. Тағы 2 қазандық келер жылы толықтай жаңартылады.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:
- Қазір бұл мәселе біздің бақылауымызда. Жауапты мекеме жылу маусымы еш кедрігісіз қалыпты жағдайда өтетініне кепілдік беріп отыр. Бастысы, бөлінген қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Былтырғы төтенше жағдайларды ескеріп, қазандықтарды жаңарттық. Биыл тұрғындар жылусыз қалмайды.