Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды
Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды.
Сот үкімі бүгін шықты. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің дәйегі, ұялы телефондағы жазбалар, заттай айғақтар және сараптама арқылы дәлелденді. Сондай-ақ, Әлтаев өмір бойы мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан да айырылды. Ол 2018 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың шілдесі аралығында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүддесін қорғағаны үшін,, жалпы соммасы 115 мың доллар және делдал арқылы 8 млн 150 мың теңге алған.
Айта кетейік, Нұржан Әлтаев елімізде ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты. Әр жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымдарына тағайындалған.