Атырау облысында әлеуметтік төлемақы алатындардың саны артты
Атырау облысында әлеуметтік төлемақы алатындар саны екі есеге көбейді.
Мамандар мұны биыл 1-ші қаңтардан бастап әлеуметтік төлемақы көлемінің 45 пайызға артқанымен, және оны алу механизмінің оңтайланғанымен түсіндіреді. Жұмыстан босаған адамға мемлекеттен қолдау қаражат қарастырылған. Аймақ бойынша былтыр 9 мыңнан астам адамға 500 млн теңге төленсе, биылғы 10 айда 16 мың жұмыссызға 1 млрд 243 мың теңге төлем тағайындалды. Соңғы екі жылда мұнай-газ өнеркәсібіндегі жобалардың аяқталуына байланысты 30 мыңға тарта адам қысқарған.
Эльназ Сисенғалиева, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ облыстық филиалының заңгері:
- Жалпы Атырау облысында көрсеткіштің өсуі, жұмыссыздар санының өсуі жұмыс берушілер тарапынан қысқартуға ұшыраушылар көбейіп отыр. Мысалға айтатын болсам, «ТШО», «Қашаған» кен орындарынан жалпы, мұнай газ саласындағы жобалардың аяқталуына байланысты жұмыссыздар саны көбейіп отыр. Қысқартуға ұшырап отыр. Сондықтан төлем алуға арызданушының саны да көп, сомасы да екі есеге артып отыр.