Қорғаныс министрлігіне қарасты компанияның бұрынғы басшысы сотталды
Қорғаныс министрлігіне қарасты «Әскери құрылыс» Акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық топ құрған экс басшының ағасы мен қарама-ғындағылар да 8 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Олар «Әскери құрылыс Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылауындағы қаржылық және корпоративтік қызметке жауапты болған. Бұл жайлы Антикорда өткен брифингте белгілі болды.
Арман Тілеукенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің ресми өкілі:
- Сотталғандар ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасады және қатысты деп айыпталды. Ол аффилирленген компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру үшін құрылған. Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.