Президент SOVICO Group басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті де қабылдады.

Президент аталған компанияның инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді. "Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сосын тараптар көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық жайын пысықтады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сол кезде қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланысты нығайтуға және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берген.