Петропавлда әскери академия курсанттары қызылша жұқтырды
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясының командирі мен 14 курсанты қызылша жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір науқастардың барлығы ем қабылдап жатыр. Бұл жөнінде өңірлік комуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 49 адам инфекцияға шалдыққан. Олар екпе алмаған болып шықты. Эпидемиялық ахуал уақыт өткен сайын қиындап барады. Сондықтан мамандар тұрғындарға вакцина алу керектігін қатаң ескертеді.
Қазір аймақта балалармен медицина қызметкерлерін жаппай имундау науқаны жүріп жатыр. 91 арнайы бригада жасақталған. Желтоқсан айында облысқа қосымша 30 мың доза вакцина жеткізіледі. Ол үшін 93 миллион теңге бөлінді.
Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Бұл – екпеге бағынатын инфекциялардың бірі. Сондықтанда негізінен мұндай инфекциялар болған кезде карантинге мекемелер жабылмайды. Еліміздің басқа қалаларынан да келіп балалар оқиды. Содан бір жағдай әскери институттың курсанттары ішінде тіркелген болатын. Сонымен жанасқандар арасында қосымша 14 жағдай тіркелді. Әлі де күдіктілер бар.