Мектеп есепшісі 46 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған
Алматыда мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны заңсыз аударып келген.
Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.